Референдум өткізуге 16 млрд теңге бөлінді

Референдум өткізуге 16 млрд теңге бөлінді
Сурет: Inbusiness.kz

5 маусымда республикалық референдум өткізіледі.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, конституциялық реформаға қатысты өтетін республикалық референдум өткізуге қанша қаражат бөлінетінін белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Конституциялық референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 млрд 400 млн теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тиісті есеп-қисапты ұсынды. Бүгін Үкімет осыған байланысты Қаулы қабылдады. Қаржы республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен бөлінеді», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Өткен аптада Орталық референдум комиссиясы белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан азаматтарына үндеу жасады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.