«Референдум» деректі фильмі жарыққа шықты

«Референдум» деректі фильмі жарыққа шықты
Сурет: Stopfake.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді. Соған орай деректі фильм жарыққа шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Бұл фильмде Ата заңға енетін негізгі өзгерістер және оның ел дамуына ықпалы туралы лауазымды тұлғалардың ой-сараптары беріледі, сондай-ақ аймақтардағы тұрғындардың пікірлері қамтылады.

Республикалық референдумның ел тағдырындағы мән-маңызы туралы толығырақ «Референдум» деректі фильмінен көре аласыздар!

Ертең, 30 мамырда сағат 20:35-те «Алматы» арнасында.