Референдум дегеніміз демократияның бір көрінісі

Референдум дегеніміз демократияның бір көрінісі
Cурет: Ашық дереккөз

Конституциялық сот құрылады

Бұл туралы ҚҚДИ сарапшысы, саясаттанушы Бауыржан Серікбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Президентіміз референдум өткізу қажеттігін атап өтті. Демек референдум арқылы реформалардың барлығы халықтың таңдауына ұсынылатын болады. Референдум дегеніміз демократияның бір көрінісі. Соңғы ұсынылып жатқан өзгерістерге сәйкес аудандық, қалалық мәслихаттар азаматтардың өзін-өзі ұсынуы бойынша сайланады. Облыстық мәслихаттар  50%-ы партиялық, 50%-ы можаритарлық жүйе бойынша сайланады»,-деді ол.

Алдағы уақытта облыс әкімдері жанама сайлау бойынша таңдалады. Яғни, сол облыстан кемі екі кандидат ұсынылып, мәслихат депутаттарының дауыс беруімен шешіледі. Сонымен қатар Конституциялық сот құрылады. Конституциялық құқығым бұзылды деген кез келген азамат аталған сотқа шағымдана алады. Адам құқықтары жөніндегі өкілдің құзыреттері де Конституцияда белгіленеді. 

«Референдум арқылы халықтың пікірімен санасу дұрыс бағыт. Себебі, халқымызбен ақылдасып, әр азаматтың пікірін ескеру арқылы ғана  Жаңа Қазақстанды құра аламыз»,-деді сарапшы.