Референдум – бүкіл халықтық демократияның бастамасы

Референдум – бүкіл халықтық демократияның бастамасы
Сурет: Almaty.tv

Демократиялық өзгерістер үрдісінің көрінісі. 

Референдум – халықтың нақты бір мәселеге байланысты пікірі, көзқарасы, таңдауы. Осылай деген «Алматыбасжоспар» ғылыми зерттеулер шеберханасының жетекшісі Жанат Айтілеу Ата заңға  өзгерістер енгізу үшін бүкіл халық болып белсенділігімізді арттыруымыз қажет деп есептейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv

Оның айтуынша, референдум  –  бүкіл халықтық демократияның бастамасы. 

«Бұл – қазіргі қоғамдағы, еліміздегі өзгерістердің бірі. Халықтың арасындағы демократиялық өзгерістер үрдісінің көрінісі ғой. Ата заңымыздың өзгерістеріне бүкіл халық болып, дауыс беріп жатсақ әрі қарай да, халқымыз белсенділігі артып, біраз өзгерістер бола ма деп үміттеніп жүрміз. Соған сенеміз де», – деді «Алматыбасжоспар» ғылыми зерттеулер шеберханасының жетекшісі Жанат Айтілеу.