Референдум: Алматы облысы бойынша 1053 сайлау учаскесі бар

Референдум: Алматы облысы бойынша 1053 сайлау учаскесі бар
Сурет: Kt.kz

Облыстық, аудандық референдум учаскелерінің дайындықтары пысықталды.

Бесінші маусымда өтетін республикалық референдум қарсаңында Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина Талғар ауданында сайлау учаскелерін аралады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

 Мұстафинаның айтуынша, кейбір комиссия мүшесінің саяси науқанды өткізуде тәжірибесі жоқ. Себебі елімізде референдум соңғы рет 1995 жылы өткен. Сондықтан аймақтарда семинар-кеңес өткізіліп, коммисия мүшелері дайындықтан өтіп жатыр.

"Бізде тәжірибесі жоқ жаңа комиссия мүшелері бар. Біріншіден, біз осы контингентпен республикалық референдумда не істеу керектігін, дауыс беру, есептеу тәртібін басынан аяғына дейін толығымен үйрету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі уақытта комиссия мүшелерінің барлығы дерлік қашықтан оқытуды аяқтады. Қазір біз каскадтық әдіспен оқытуды бастадық, бұл да комиссия мүшелерінің 100 процентін қамтитын болады", - деді облыстық референдум комиссиясының төрағасы Тимур Дауытов.