Реал Мадридтің бұрынғы капитаны Марсело жақында Алматыға келуі мүмкін

Реал Мадридтің бұрынғы капитаны Марсело жақында Алматыға келуі мүмкін
Сурет: Almaty.tv

Тамыз айында келуі мүмкін.

Әйгілі Реал Мадридтің бұрынғы капитаны Марсело жақында Қазақстанға келуі мүмкін. Бұл туралы «Қайрат» футзал клубының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

Бразилиялық қорғаушыны елімізге қақпашы Лео Игита шақырған. Марсело өнер адамдарынан құралған «Алатау» клубы мен алматылық «Қайрат» арасындағы шоу-матчта бой көрсетіп қалу мүмкін.

«Тамыз айында Алматыға Реал ойыншысы Марсело келетін болады. Онымен бірге «Алатау» клубына қарсы ойын жасаймыз. Алматыда ойнап жүрге бразилиялықтардан команда жасаймыз. Ал біздер Тұрсағұлов, Оразов секілді ойыншымен толығып,  «Алатаудың» атынан өнер көрсетеміз», – деді «Қайрат» футзал клубының өкілі Әділет Бисариев.