Рақымшылық кімдерге жасалады?

Рақымшылық кімдерге жасалады?
24 kz

Бүгінде жазасын өтеп жатқан 1000 адам бостандыққа шығады. Қоғамға бұдан былай қауіп төндірмейтін қылмыскерлерге рақымшылық жасалмақ деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қазақстан Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай қолға алынған шара аясында әйелдер, егде жастағы ер азаматтар мен кәмелет жасына толмағандардың жазасын жеңілдету қарастырылған. Ал парамен ұсталған азаматтарға рақымшылық жасала ма? 

Рақымшылық туралы заң жобасы теріс қылығы үшін немесе онша ауыр емес, сондай-ақ ауырлығы орташа қылмысы үшін істі болғандардың жазасын жеңілдетіп, кейбірін тіпті босатуды көздейді. Мұндай рақымшылық 1 мың адамға жасалады.

Пробацияда тұрған 11 мыңнан астам қылмыскердің жазасы жеңілдесе, тағы 1 294 адамның жазасын өтеу мерзімі қысқарады. Үстінен тергеу ісі енді басталған 1 674 азамат қылмыстық жауапкершіліктен мүлде босатылуы мүмкін.

Жалпы, елімізде 34 мың азамат қазір түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатыр.

– Рақымшылық ардагерлерге, кәмелеттік жасқа толмағандарға, егде жастағыларға, 1 және 2 топтағы мүгелектерге, сондай-ақ қоғамға қауіп төндірмейтіндерге қолданылады. Заң жобасы мемлекеттік орган өкілдерімен, қоғам қайраткерлерімен, және сарапшылармен талқыланды - дейді  ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.