Райымбек-Назарбаев даңғылдары қиылысында уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Райымбек-Назарбаев даңғылдары қиылысында уақытша көлік қозғалысы шектеледі
Сурет: Baq.kz

Апаттық қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Райымбек және Назарбаев даңғылдары қиылысының батыс бөлігінде 30 шілде сағ. 22:00 мен 31 шілде сағ. 7:00 аралығында, шығыс бөлігінде 31 шілде сағ. 22:00 мен 1 тамыз сағ. 7:00 аралығында көлік қозғалысы толық шектелетін болады. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz хабарлайды.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.