Раузия Орынғазықызы, «Алматы қаласы музейлер бірлестігінің» бас қор сақтаушысы: Қауіпті індеттен қорғайтын бірден-бір жол - екпе алу

Раузия Орынғазықызы, «Алматы қаласы музейлер бірлестігінің» бас қор сақтаушысы: Қауіпті індеттен қорғайтын бірден-бір жол - екпе алу
almaty-akshamy.kz

–  Мен «Спутник V» вакцинасының екі дозасын да алдым. Екпеден кейін жанама әсерлер байқалған жоқ. Өзімді бірқалыпты сезіндім. Індеттің кесірінен әлем елдері экономикалық тұрғыдан құлдырауға ұшырауда. Қаншама жұмыс орны жабылып, халықтың басым көпшілігі үйде отырып қалды. Жақындарымыздың біразы осы вирусты жұқтырып, өмірден өтіп те кетті. Сондықтан өзімді, жақындарымды қауіпті індеттен қорғайтын бірден-бір жол екпе алу деп санадым.

Осы орайда барлық қала тұрғынын вакцина алуға шақырамын. 

Менің ойымша, бұл - әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз.