Расул Жұмалы: Нақты қадамдар іске аспақ

Расул Жұмалы: Нақты қадамдар іске аспақ Inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауы көпшіліктің көңілінде жүрген мәселелерге жауап берді. Мұндай пікірді саясаттанушы Расул Жұмалы білдірді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Ең бастысы - іштегі және сырттағы түрлі тәуекелдерге бой ұсынбай, демократиялық реформалар жалғасын табады. Ұлттық құрылтайдың құрылатыны, жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту мен әкімдерді таңдау, жаңа партияларға жол ашу, адам құқықтарының қорғалуын жетілдіру секілді нақты қадамдар іске аспақ. Қасым-Жомарт Кемелұлы суперпрезиденттік жүйенің ескіргенін алға тарта отырып өзінің партияға мүше болмайтынын мәлімдеді және құзыреттерінің бірталайын Парламентке беріп, оның әлеуетін күшейтпек»,- дейді саясаттанушы.



Сонымен қатар, ол Президенттің туыстарына мемлекеттік билікте немесе ұлттық компанияларда, квазимемлекеттік секторда қызмет істеуге тыйым салатын жаңа заң қабылданатынын құптарлық іс дейді.



«Президент туыстарының мемлекеттік қызмет пен ұлттық компанияларда жұмыс істеуіне тыйым салынады. Барша Алаш баласын ерекше қуантқан жаңалық - кезінде қысқарып қалған Жезқазған, Семей өңірлеріне облыс мәртебесін беріп, оларды жаңғырту, сондай-ақ Алматы облысын әкімшілік басқару жүйесін жетілдіру үшін екіге бөлу. Оларға берілетін атаулардан қазақы иіс аңқып тұр - тиісінше Ұлытау, Абай, Жетісу. Әрине, Президент бүгін жасаған ұсыныстар мен міндеттер әлдеқайда кең ауқымда түсінуді талап етеді. Алайда қазірдің өзінде әділетті қоғам мен ел игілігін басымдық ретінде алған Жаңа Қазақстан тұжырымдамасы іске асып жатқаны күмән тудырмас», - деді Расул Жұмалы.



Оның пайымдауынша, Президент осы жолғы Жолдауында бұрыннан халықтың көкейінде жүрген мәселелерге назар аударып, олқылықтардың алдын алуға тырысқан.


«Жолдауда ең алдымен бұрыннан ойда жүрген мәселелердің шешілетіні қуантты», – деді саясаттанушы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10