Рапунцель синдромы бар науқасқа елімізде операция жасалды

Рапунцель синдромы бар науқасқа елімізде операция жасалды Сурет: 24.kz

Қыз балалар Рапунцель синдромына жиі ұшырайды екен.


Astana news telegram арнасының жазуынша, елорда дәрігерлері науқастың асқазанынан "шаш ісігін" алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Іш ауруы мен жүрек айнуына шағымданып келген Астана қаласының 15 жасар тұрғынын тексеру кезінде асқазанның трихобезоары анықталып, операцияға жіберілген.


Бұл синдром науқас шаш жұтып қойған кезде қойылады. Салдарынан шаш асқазан-ішек жолында жиналып қалады.


Дәрігерлердің айтуынша, бұл ауру өте сирек кездеседі. Асқазанда шатасып жиналған шаштың көп мөлшері трихобезоар ауруының немесе "шаш ісігінің" пайда болуына әкеп соғады,ол асқазанды біртіндеп "бітеп", жұмысының түбегейлі бұзылуына әкеледі. Пішіні бойынша мұндай ісік асқазан пішініне дәл сәйкес келеді.



"Ғылыми мәліметтерге сәйкес, Рапунцель синдромы бар пациенттердің 70 пайызы - 20 жасқа толмаған қыздар", - дейді хирург Азамат Оразалинов.



Оның айтуынша, қыз балалар ұлдарға қарағанда Рапунцель синдромына жиі ұшырайды. Әйелдердің шашы әдетте ер адамға қарағанда ұзынырақ, сондықтан асқазанның шырышты қабатында қалып қою ықтималдығы жоғары. Бала шашты жұтқан кезде ісік көлемі ұлғаяды және ол сіңірілмейтін ауқымды массаға жиналады.


Трихофагия және пикацизм (тәбеттің бұзылуы және жеуге жарамсыз заттарды жеуге деген қалау) денесінде темір жетіспейтін адамдарда кездеседі. Ғылымдағы зерттеуге сүйенсек, пациент құрамында темір бар препараттарды қабылдағаннан немесе целиак ауруын емдегеннен соң ғана шаштың түсуі және оны жұту тоқтаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37