Рамазан – ұстамдылық айы

 Рамазан – ұстамдылық айы
muftyat.kz

Алматының бас имамы оразаның талаптары туралы айтты

Рамазан – ұстамдылық айы. Тамақ пен ішуден ғана емес, күнә мен зұлымдықтан да бас тарту уақыты. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан брифинг барысында айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Оның айтуынша, Рамазан – міндетті мұсылман айы. Бұл - исламның бес тірегінің бірі әрі қасиетті діннің негізі.

«Рамазан – ұстамдылық айы. Бұл - тамақ пен ішуден ғана емес, күнә мен зұлымдықтан да бас тарту уақыты. Хадисте былай делінген: «Жаман сөз бен жаман істерден тыйылмайынша, ішіп-жеуден тыйылған адамға Алла тағала мұқтаж емес». Сондықтан ашығу – оразаның талаптарының бірі», – деп түсіндірді Төлеби Оспан.

Еске салайық, биыл қасиетті Рамазан айы 2 сәуірде басталады. Ораза 30 күнге созылады. Пітір-садақаның мөлшері - 500 теңге. 27-28 сәуірге қараған түні Қадыр түні.