Рафаил Розенсон: Вакцинацияланған пациенттерге COVID-19-ға қарсы ем жақсы қонады

Рафаил Розенсон: Вакцинацияланған пациенттерге COVID-19-ға қарсы ем жақсы қонады
сурет: Inform.kz

Маска киюді және әлеуметтік ара қашықтық сақтауды ұмытпаған жөн.

Белгілі қазақстандық профессор, дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Рафаил Розенсонның пікірінше, алдағы 5-6 аптада біз әлі де коронавирус бойынша эпидемиологиялық өрлеудің шыңында боламыз, сондықтан вакцинация тақырыбы қазір бұрынғыдан да өзекті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Вакцина – бұл коронавирусты жұқтырмауыңызға кепіл болмайды, бірақ ауруды емдеу вакцинацияланбаған науқастарға қарағанда әлдеқайда тиімді болатынына кепілдік береді», - дейді дәрігер.

Қазір уақыттағы ауру ағымының ерекшелігі сол вакцинацияланбаған пациенттер ауруханаға өкпенің 15-20% зақымдануымен түсіп жатыр екен, бірақ бірнеше күннен кейін бұл көрсеткіштер 50-70% жетеді, ал коронавирусты емдеуде қолданылатын гормондар мен қан сұйылтатын препараттар мұндай науқастарға вакцинацияланған пациенттерге қарағанда әлдеқайда әлсіз әсер ететіндігін түсіндірді профессор.

Қазақстан өңірлерінің көпшілігі коронавирустың таралу қарқыны бойынша әлі де «қызыл» аймақта екенін ескере отырып, профессор біздің еліміздің барлық тұрғындарын КВИ-ге қарсы вакцина алуға ғана емес, дәрігерлер ұсынған қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

«Егер сіз үйден адамдар көп жиналатын жерлерге шықсаңыз, маска киюді ұмытпаңыз және әлеуметтік қашықтықты сақтауға тырысыңыз», - деген кеңес берді дәрігер.