Радио күні ресми түрде жарияланды

Радио күні ресми түрде жарияланды
Сурет: ҚР Ақпарат министрлігі

Бұдан бұрын, журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтаған кезде мемлекет басшысының бұл туралы айтқанын жазғанбыз.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, бүгін, 2021 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1 қазан - Радио қызметкерлері күні болып жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтау барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазан күнін Радио қызметкерлері күні деп жариялауды ұсынған болатын.

Радио қызметкерлерінің кәсіби күні отандық радионы одан әрі дамытуға қосымша ынталандыру болады деп болжануда. Қазақстанда радиохабар тарату тарихы 1921 жылдың қазан айында басталған.