ҚР ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

 

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың қорытындысын жария етті, деп хабарлайды «Almaty aqshamy» газетінің тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина келтірген мәліметке сәйкес,
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29,
«Nur Otan» партиясы 71,9,
«ADAL» саяси партиясы 6,57,
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 10,95
«Қазақстанның Халық партиясы 9,10 пайыз дауыс жинаған.
Естеріңізге сала кетсек, кеше түнде Қоғамдық пікір институты Еxit poll нәтижесін жария еткен болатын.
Оған сәйкес, респонденттердің 5,75 пайызы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына,
71,97 пайызы «Nur Otan» партиясына,
3,07 пайызы «ADAL» саяси партиясына,
10,18 пайызы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына,
9,03 пайызы «Қазақстанның Халық партиясына» дауыс берген.
Институт директоры Айнұр Мәжитова сауалнама қателігі 2 пайыз шамасында болатындығын ескерткен.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *