QazVac вакцинасына басқа елдерден сұраныс бар

QazVac вакцинасына басқа елдерден сұраныс бар
Сурет: Vlast.kz

Вице-Премьер: QazVac-ты шығару арқылы Қазақстанның аты да шықты

Вице-Премьер Ералы Тоғжанов 40 шақты мемлекет QazVac вакцинасын сұратып жатқанын айтты, хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.kz-ке сілтеме жасап.

«Біздің вакцина уақыттың тексеруінен өтті десем артық емес.Осы уақыттың ішінде қаншама азаматтарымыз Қазақстанның QazVac вакцинасын алды. Екіншіден, осы QazVac-ты шығару арқылы Қазақстанның аты да шықты. Дүниежүзіндегі 6 мемлекеттің қатарына Қазақстан 5-ші болып кіргені өздеріңізге белгілі. 40 шақты мемлекет біздің вакцинаны сұрап жатқандығының өзі  біздің вакцинаның жоғары деңгейде екендігін көрсетеді», – деді Ералы Тоғжанов.