QazVac - отандық ғылымның жетістігі

QazVac - отандық ғылымның жетістігі Сурет: ашық дереккөз

Соңғы жылдары Халықаралық журналдарда ғылыми жарияланымдардың өсуі (2022 жылы - басылымдардың жалпы санынан 0,14%, 2020 жылы-0,13%), сондай-ақ Scopus базасына кіретін қазақстандық ғылыми журналдар санының өсуі байқалады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


 Бұл еліміздегі ғылыми жетістіктерді әлемдік қоғамдастық мойындағанын көрсетеді. Математика, инженерия, экология, микробиология, молекулалық биология және генетика сияқты ғылыми бағыттар бойынша көрсеткіштер жақсарды.


Отандық ғалымдардың жетістіктерінің ішінде QazVac коронавирусына қарсы қазақстандық жоғары тиімді вакцинаның әзірлеуін атап өту қажет.


Сонымен қатар, бірыңғай терезе цифрлық платформасы арқылы ҒЗТКЖ-ны қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін орталықтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде (1%). Айта кетерлік бір жайт, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында ғылыми-техникалық бастамалар орталығы құрылды. Биылғы жылы есепке алу, тіркеу және сараптама процестерінің бірыңғай цифрлық платформасын іске қосу жоспарланып отыр. Жер қойнауын пайдаланушылардың білімге және ҒЗТКЖ міндеттемелерінің 1% - пайдалануды үйлестіру бойынша НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізілетін болады.


Бүгінгі таңда ғылым саласын басқару, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, технологияларды дамыту және инновациялық қызметті қолдау мәселелерін үндестіру мақсатында Министрлікпен «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы әзірленуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13