Qazaq Style биікті бағындыруда

Qazaq Style биікті бағындыруда
Сурет: Вaigenews.kz

Талпынған жетер мақсатқа

Әлемге әйгілі боксшы Мұхаммед Әли «Чемпион жаттығу залдарында пайда болмайды. Адамның ішіндегі құлшыныс, арман, мақсат чемпионды тудырады» деепті. Осы сөзді жерлесіміз, бүгінді талай биікті бағындырып жүрген, қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлындай оғландарға қарата айтқан сияқты. Қазіргі таңда АҚШ өнер көрсетіп жүр. Төрт жылдықтық басты бәсекесіне де қатынасты. Олимпиадада өзін жақсы қырынан көрсетті. Бұнымен тоқтап қалмай, кәсіпқой боксқа ауысты. Мұхит асты. Көпшілік армандайтын, көп жанның қолы жетпейтін Америкаға барды. Бүгіндері сонда өнер көрсетуде. Бастысы күллі дүниеге қазақ атын паш етіп Qazaq Style қалыптастырды.

Жасыңда жарқылда. Әлгінде Мұхаммед Әлидің пікірінен цитата келтірдік. Ол «Көбелек сияқты елбеле. Ара сияқты шақ» деп жас боксшыларға өсиет айтыпты. Жәнібек Алматы облысының Жыланды елді-мекенінде өскен. Жасы небәрі 28-де. Ал оның жүріп келе жатқан соқпағы оған оңай болмады. Қол жарақатына қарамастан, 2016 жылы Рио Олимпиадасында соңына дейін жұдырықтасты. Бірақ, төрешілер тарапынан нәтиже қалай болғаны бәрімізге аян. Оның алдында Әлем мен Азия біріншілігінде халықаралық дәрежедегі спорт шеберлігін иленген. Жастайынан бірталай белесті асып өткен нағыз жауынгер.

Арман асуы. Осы тақырыпшаны текке алмадық. Өйткені, Барзилиядағы Олимпиададан кейін, ол бағытын өзгертті. Кәсіпқой боскқа көшті. Артқа сан мыңдаған шақырымды тастады. Сөйтіп, АҚШ-қа жетті. Сонда жаттығып, 72 келі самақта шаршы алаңда өте жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Біздің батыр Кәсіпқой бокста орта салмақтағы WBO Global тұжырымы бойынша (2012-2020 жж, 2020 - б.у.) және WBC Continental Americas тұжырымы бойынша (2019-б.у.) чемпионы дәрежелерін иеленді. Жақында Жәнібек, қыркүйек-қазан айларында жаңартылға BoxReg рейтингі бойынша орта салмақта WBC тұжырымында 4 орында, ІВС тұжырымында 9 орында, WBO тұжырымында 2 орын vRinge.com тұжырымы бойынша 7-ші орынға орналасты.

Қорыту. Жоғарыда оның жасын, қарапайым ауылда өскенін текке айтпадық. Мақсатқа ұмтылған спортшы, құрылысшы, саудагер болсын ол – міндетті түрде өзінің көздегеніне жетеді. Оны біз осы келтірген мысалдар арқылы сезіндік. Ал отандасымыздың әлі талай шыңды бағындырарына сеніміміз мол демекпіз.