Путин Назарбаевқа алғыс айтты

Путин Назарбаевқа алғыс айтты
Сурет: Elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға мүше елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке барған.

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идеясы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Сізді Ресейде, Петербургте көргенімізге қатты қуаныштымыз. Келгеніңізге рақмет. ЕАЭО-ны дамыту бойынша әріптестерімізбен жиналған кезде әрқашан бұл идеяның Сізге тиесілі екенін еске түсіретінімізді айта кету керек. Осы одақтың бастамашысы болғаныңыз үшін Сізге алғысымыз зор», - деді Путин.

Путин Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығы туралы да айтты.

«Өз тарапымнан сіздерді және бүкіл Қазақстанды келе жатқан мерекемен құттықтаймын», - деді Путин.