Путин мен Ердоғанның не туралы сөйлескені белгілі болды

Путин мен Ердоғанның не туралы сөйлескені белгілі болды
Сурет: Ашық дереккөз

Түркия басшысы "Түркия мен Ресей бірге" деп түйіндеді

13 қазанда Қазақстан астанасында Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған келіссөздер жүргізді. Кездесуден кейін екі ел басшылары журналистер алдында қысқаша мәлімдеме жасап, кейін жабық екіжақты кездесу басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жаса.

Kremlin.ru сайтының хабарлауынша, Владимир Путин Еуропаға газ жеткізудің ең сенімді жолы Түркия болып шыққанын атап өтті. Сонымен қатар ол "Түрік ағыны" оны жаруға тырысса да сәтті жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Түркиядан басқа елдердегі әлеуетті сатып алушылардан қызығушылық туындаса, біз басқа елдерге, ең әуелі, еуропалық елдерге сату үшін басқа газ құбыры жүйесін салу және Түркияда газ хабын құру мүмкіндігін қарастыра аламыз. Әрине олар осыған қызығушылық танытса», - деді Владимир Путин.

Сонымен қатар Ресей президентінің айтуынша, бұл хабтың жұмыс істеу барысында "жеткізу үшін ғана емес, сонымен қатар бағаны анықтау үшін де платформа" жасау қажет.

«Бұл бағалар бүгінде шектен тыс. Біз (оларды. – Ред.) ешбір саяси астарсыз қалыпты нарық деңгейінде сабырлы түрде реттей алар едік», -деді Владимир Путин.

Өз кезегінде Түркия президенті екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.

"Аққуыдағы" энергия өндірісі біздің қажеттіліктеріміздің 10%-ын қамтамасыз етеді. Екінші атом электр станциясы салынса, тағы 10% плюс. Біз энергияға деген сұраныстың жиырма пайызын осы атом электр станциялары арқылы қамтамасыз етеміз», -деді Реджеп Ердоған.

Одан кейін астық өнімдері мәселесіне тоқталды.

«Ыстамбұл келісімін нығайтып, Ресей тыңайтқыштары әлемнің ең кедей елдеріне жеткізілуі үшін бұл келісімді қайтадан Түркия арқылы жалғастыру қажет. Дамымаған елдерге астық өнімдері мен тыңайтқыштар жеткізуге бел будық», -деді Реджеп Ердоған.

Түркия басшысы "Түркия мен Ресей бірге" деп түйіндеді.

«Біз берік бекінгенбіз. Біздің ведомстволарымыздағы министрлердің кездесулері үлкен маңызға ие және біздің қарым-қатынасымызды нығайта түседі», -деді Реджеп Ердоған.

13 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммиті өтті. Түркия Президенті Астанаға мемлекеттік сапармен 12 қазанда келді. Владимир Путин Қазақстан астанасына 13 қазанда келді.