ПТР сынағының алдында не істеуге болмайды?

ПТР сынағының алдында не істеуге болмайды?
Сурет: Іnform.kz

Алкогольді ішімдік ішу тест нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін.

Пандемиядағы өмір азаматтардан жаңа ережелерді талап етеді, олардың кейбіреулерін ПТР тапсырғанға дейін есте сақтау керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Вести» радиосына сұқбат берген "Роспотребнадзор" мамандарының айтуынша, коронавирусқа ПТР тест тапсырар алдында ештеңе ішіп- жеуге, оның ішінде алкогольді ішімдік ішуге тіпті болмайды.

«Сынамаларды соңғы тамақтанғаннан кейін үш -төрт сағаттан кешіктірмей алу қажет, әйтпесе, науқас жалған теріс нәтиже алуы мүмкін. Дәл сол себепті ПТР тесттен өтуден бұрын тістеріңізді тазаламаңыз, дәрілік спрейлерді, дәрі-дәрмектерді және тамшыларды қолданбаңыз», - деп ескертеді сарапшылар.

Сынақ алдында ерін далабы мен бальзамды да қолданбаған дұрыс. Ереже бойынша, медицина қызметкерлері процедура кезінде ауызға тимейді, бірақ пробиркаға косметиканың кездейсоқ тиіп кетуі де ПТР реакциясын бәсеңдетуі мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, егер ішімдік ішіп қойған жағдайда, ПТР тапсыруға екі күннен кейін ғана барған дұрыс болады.