Псков облысынан келген бақылаушылар Алматының сайлау учаскелеріндегі ыңғайлы навигацияны атап өтті

Псков облысынан келген бақылаушылар Алматының сайлау учаскелеріндегі ыңғайлы навигацияны атап өтті

Ресейліктер ақпараттық стендтердің қолайлы етіп орналастырылғанын және жалпы сайлау учаскелерінің де ыңғайлы жерде орналасқанын атап өтті. Бақылаушылар мұндай тәжірибені өз елдерінде де енгізу керек деп есептейді, ал сайлауға келу пайызы бойынша Псков облысында да шамамен осындай көрсеткіш болады екен. ҚР Парламентінің Мәжілісі және Алматы қаласының мәслихат депутаттарын сайлау бойынша жалпықалалық баспасөз орталығының алаңында 20 наурыз күні брифинг өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бірқатар халықаралық және жергілікті байқаушылар сайлауды лайықты деңгейде, заңға сәйкес өтті деп есептейді. Мұндай ашықтық пен бәсекеге қабілеттілік деңгейі Мемлекет басшысының сайлау жүйесінде үлкен өзгерістерге әкелген саяси реформаларының арқасында мүмкін болды.

Псков облысы (РФ) Үкіметінің Ішкісаясат басқармасының муниципалды құрылымдардағықоғамдық-саяси процестерді бақылау бөлімі басшысының орынбасары Алексей Пономаренко Алматыда сайлау сайлау заңнамасын заң бұзушылықсыз өткенін баса айтты. Ол дауыс беру барысын бақылаған қоғамдық бақылаушылар мен сенімді өкілдер өкілдерінің көптігін атап өтті.

«Сайлау комиссияларының дайындық деңгейі айтарлықтай жоғары. Сайлау өте жақсы деңгейде өтті, мен сайлау комиссияларының кәсібилігін, сайлау учаскелерінің безендірілуін, қолайлы орналасауын атап өткім келеді. Осының бәрі кез келген сайлаушы өз таңдауын саналы түрде және барынша ыңғайлы жасай алатынын көрсетеді», - деді А.Пономаренко өз сөзінде.

Псков облысынан келген (РФ) сайлау комиссиясының мүшесі Борис Соколов сайлаудың Наурыз мейрамы қарсаңында өткені бұл шараға ерекше сән кіргізгенін атап өтті. Мәселен, 328-ші сайлау учаскесінде мерекеге орай шатырлар тігіліп, сайлау комиссиясының мүшелері ұлттық киім киген, бұл көрініс көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 

«Біз дауыс санау кезінде де болдық, бәрі заң аясында жасалды. Бақылаушылар соңына дейін отырды, сол үшін оларға бөлек алғыс айтамыз. Жалпы сайлау абыроймен, тіпті жоғары деңгейде өтті», - деп жалғастырды Б.Соколов. 

Баспасөз орталығындағы журналистердің сұрақтарына жауап берген халықаралық бақылаушылар 100-ден астам әріптестерімен пікір алмасып үлгергендерін айтты. 

Бірақ сайлауға қатысуға келетін болсақ, олар ірі қалалар халықтың сайлауға деген қызығушылығының жоғарылауымен ерекшеленбейтінін айтты. Және бұл қалыпты жағдай.

«Қалаларда біздің сайлауға қатысу көрсеткіші муниципалдық округтерге қарағанда төмен және шамамен 20-30% құрайды. Қазақстанға келетін болсақ, мұндада сондай жағдай. Адамдардың объективті себептері болуы мүмкін, және жол жүріп кету себептері де болуы мүмкін», - деді Б.Соколов.

Қорытындылай келе, Псков облысынан келген байқаушы сайлау учаскелерінде кандидаттар туралы ақпараттық стендтерді атап өтті.

«Кез келген қатысушы сайлау учаскесіне келіп, кандидаттар туралы ақпаратпен танысып барып, таңдау жасау мүмкіндігі болды. Үгіт-насихат жұмыстарының аясында бұл жайт біз үшін ескеретін жайт», - деп түйіндеді сөзін Б.Соколов.

Халықаралық бақылаушылардың жұмысы есеп берумен аяқталады.