Психикалық дертті науқастарды бақылау тәртібі өзгереді

Психикалық дертті науқастарды бақылау тәртібі өзгереді
Сурет: Оpengaz.ru

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған.

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша психикалық дерті бар науқастарды бақылау, оны есепке алу және шығару электронды форматта жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Дәрігерлік-консультациялық комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылатын динамикалық байқауға алу, динамикалық байқауды алып тастау, есептен шығару және динамикалық байқаудың басқа тобына ауыстыру туралы деректерді енгізу тек электронды цифрлық қолтаңбамен расталған дәрігерлік-консультациялық комиссия мүшелерінің логин, паролі арқылы жүзеге асырылады», - деп жазылған құжатта.

Қолданыстағы заңнамада мұндай норма жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігінің түсінідіруінше, бұл жоба міндетті дербес есепке алу және МӘМС жүйесіндегі шығыстардың баршаға қолжетімді болуы үшін ұсынылған.

Бұйрық жобасын ашық талқылау 28 ақпанға дейін жүргізіледі.