Прокуратура тәртіпсіздікке қатысқан 62 адамның түрлі жазаға тартылғанын хабарлады

Прокуратура тәртіпсіздікке қатысқан 62 адамның түрлі жазаға тартылғанын хабарлады Сурет: Ortcom.kz

101 қылмыстық іс сотқа жолданды.


Бас прокуратура мамандары қаңтар айында орын алған оқиғаларға байланысты жүргізілден жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.


Мамандардың айтуынша, жедел тергеу топтарының өндірісінде сотқа дейінгі 3 666 тергеу істері бар. Терроризм актілері мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы істерден басқа, тонау, ұрлық, қаруды ұрлау, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты күш қолдану фактілері тергелуде. 



«Аталған санаттан 162 айыпталушыға қатысты 101 қылмыстық іс сотқа жолданды. 62 адамға түрлі жазалар кесілді. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Б.Онтай және Ө.Жеңісхан «Алпамыс» аңшылық дүкенінен қару ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот аталған адамдарға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деді ҚР БП 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет