Прокуратура Алматы емханаларынан заңсыз әрекеттерді анықтады

Прокуратура Алматы емханаларынан заңсыз әрекеттерді анықтады
Сурет: Tengrinews.kz

Алматы қаласының прокуратурасы кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігіне талдау жүргізді

Прокуратураның ақпаратына сәйкес, қаладағы кейбір емханалар «аудиометр» арнайы медициналық құрылғысымен жеткіліксіз түрде жабдықталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Денсаулық сақтау туралы заңнамада медициналық ұйымдар есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау және кереңдіктің диагностикасы үшін 6 жасқа дейінгі балаларды аудиологиялық скринингтен өткізуі керектігі қарастырылған. Алайда, талдау көрсеткендей, қаладағы кейбір емханалар «аудиометр» арнайы медициналық құрылғысымен жеткіліксіз түрде жабдықталған. Бұл азаматтар арасында кезектің пайда болуын және наразылық туғызды. Әуезов ауданы прокуратурасының қадағалау актісі негізінде қазіргі таңда қаладағы 7 емхана «аудиометрмен» жабдықталды. Қалған медициналық ұйымдарға қатысты талдау жүргізілуде», - делінеді прокуратура хабарламасында.