Президенттің арандатушылыққа жол бермеу керек дегенін қолдаймыз - пікір

Президенттің арандатушылыққа жол бермеу керек дегенін қолдаймыз - пікір
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Жолдауға үн қосу.

Президенттің Жолдауын қолдап, ойларын ортаға салушылар көп. Филология ғылымдарының кандидаты Патигүл Махсатова да маңызды құжаттар көңілден шыққан ойларымен бөлісті. 

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі халыққа жолдаған Жолдауы өте маңызды деп ойлаймын. Маған Президенттің ел экономикасын көтеру туралы айтқаны, жастарға қолдау көрсету, сондай-ақ, сәби күтімімен аналардың бір жарым жасқа дейін ақылы үйде отыратыны ұнады. Бұл деген келешек ұрпақтардың тәрбиесіне  өте маңызды қадам деп ойлаймын. Сондай-ақ, білім беру саласындағы ұстаздардың мәртебесін көтеру туралы, балабақшалардағы тәрбиешілердің аттестациядан өтуі мәселелері өте ұнады. Осы мәселелер жүзеге асса, еліміздің дамуы, гүлденуі мүмкін деп ойлаймын. Сонымен бірге, еліміздің бірлігі туралы, арандатушылыққа жол бермеу туралы айтқандарын бәріміз қолдаймыз», - деді филология ғылымдарының кандидаты, ақын Патигүл Махсатова.