Президенттік жастар кадр резервіне 50 маман іріктелетін болады

Президенттік жастар кадр резервіне 50 маман іріктелетін болады Сурет: Facebook.com

Құжат қабылдау басталды.


Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне 50 маман іріктелетін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде басталған болатын. Құжаттарды қабылдаудың екі күні ішінде іріктеуге қатысуға 1251 өтінім келіп түсті. Құжаттарды қабылдау 30 қыкүйекке дейін жалғасады», – делінген Мемлекеттік қызмет істері агенттік хабарламасында.   



Президенттің 2021 жылғы 29 тамыздағы № 141 Жарлығымен белгіленген талаптарға сәйкес, іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді ортадан төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жыл. 


Резервте тұрған маманды бос мемлекеттік лауазымға тағайындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26