Президентке әскери қызметшілердің киім үлгілері таныстырылды

Президентке әскери қызметшілердің киім үлгілері таныстырылды
Сурет: Ақорда

Президентке әскери қызметшілердің киім үлгілері таныстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бұған дейін Мемлекет басшысына әскери қызметшілердің жорық киімінің жаңа үлгісі таныстырылатынын айтқан еді. «Бүгін Мемлекет басшысына жорық киімі түрінің жаңа үлгісін көрсетеміз. Яғни, әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік қызметін орындауына қажетті жабдықпен қамтамасыз ету нормасын қайта қарастырамыз. Оған саналы түрде барып отырмыз», - деген еді Қорғаныс министрі.