Президент Үкімет басшысы мен «Самұрық-Қазынаның» төрағасын қабылдады

Президент Үкімет басшысы мен «Самұрық-Қазынаның» төрағасын қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Олар Президентке Қазақстан халқының тұрмыс сапасын арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Мамин мен «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиевті қабылдады деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұсынылған жобалар Батыс Қазақстан облысын сумен, өңірлерді газбен қамтамасыз ету, энергетика нысандарының, оның ішінде Алматы қаласындағы қуат торабының құрылысы, сондай-ақ, еліміздегі көлік дәлізінің әлеуетін дамыту салаларындағы негізгі мәселелерді шешуді көздейді.

Кездесу қорытындысы бойынша аталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысты тапсырмалар берілді.