Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді
Сурет: 24.kz

Үкімет отырысы онлайн режимде өтеді.

10 шілде күні сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Жиында еліміздің биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді», -деп жазды бұл туралы хабарлаған ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.