Президент қазақстандықтарды валюта күнімен құттықтады

Президент қазақстандықтарды валюта күнімен құттықтады
Сурет: Saryarqanews.kz

1993 жылы дәл осы күні республикамызда Ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық валюта күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Баршаңызды Ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Сонымен қатар экономикалық дамуымыздың басты кепілі. Еліміздің қаржы жүйесіне халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеті жүктеледі», - деп жазды Мелекет басшысы Twitter-де.

Қазақстанда 15 қарашада ұлттық валюта күні атап өтіледі.