Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан өңіріне барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан өңіріне барды
Сурет: Іnform.kz

Ресми сапар

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жариялады.

«Сапардың мақсаты – Ақтоғай кен байыту кешенін кеңейту жөніндегі жобаның қорытындыларымен танысу. Мемлекет басшысы өндіріс нысанының инфрақұрылымын аралап көріп, кәсіпорын базасында ашылған екінші кен байыту фабрикасының жұмысын ресми түрде бастауға рұқсат береді», - деп жазылған парақшада.