Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді
Сурет: Ia-centr.ru

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді.

«Бұдан кейін Президент бірқатар әлеуметтік, білім беру мекемелерін және басқа да нысандарды аралап көреді, сондай-ақ қаладағы жылу электр орталықтарының біріне жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысады деп жоспарланып отыр», - деп жазады Берік Уәли Facebook парақшасында.