Президент Ұлттық құрылтайдың құрамына кімдер кіретінін айтты

Президент Ұлттық құрылтайдың құрамына кімдер кіретінін айтты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір айдан кейін алғашқы отырысы өтетін Ұлттық құрылтайдың құрамына кімдер кіретінін айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Құрылтай жалпыұлттық диалогтың әмбебап моделіне айналады. Құрылтай құрамына депутаттар, Ассамблея мүшелері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, барлық өңірлердің, сондай-ақ азаматтық альянстың, қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың және өндіріс саласының өкілдері кіреді», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында.

Президенттің пайымынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы осы мүмкіндікті бірлік пен келісімді нығайту жолында толығымен пайдалануы керек.

«Ассамблея Ұлттық құрылтаймен бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі керек. Себебі, түптеп келгенде, екеуінің мақсаты – ортақ. Ауқымды өзгерістерге жастардың да белсене қатысқаны абзал. Кеше тұңғыш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар сессиясы өтті. Оның ұсынымдарын мұқият зерделеу қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.