Президент Ұлттық банктің штат санын қысқартты

Президент Ұлттық банктің штат санын қысқартты
Сурет: Еgemen.kz

Бұрын Ұлттық банктің штаттық құрамы 2 587 адам болған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің штат санын өзгертуді көздейтін Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Президенттің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына мынадай түзету енгізді:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің орталық аппаратын, оның филиалдары мен өкілдіктерін қоса алғанда, жалпы штат саны 2 161 бірлік мөлшерінде бекітілсін», - делінген құжатта.

Бұрын Ұлттық банктің штаттық құрамы, оның ішінде орталық аппарат, оның филиалдары мен өкілдігінде 2 587 адам болған.