Президент VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді

Президент VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді
Сурет: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері мен басқа да азаматтар шақырылған. Парламенттің бірлескен палаталарының отырысындағы Президенттің сөйлейтін сөзі 29 наурыз күні сағат 10:00-де республикалық телеарналарда және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі.