Президент утильдік алым мөлшері туралы пікір білдірді

Президент утильдік алым мөлшері туралы пікір білдірді Сурет: Inbusiness.kz

Президент: «Ең бастысы – тұтынушылар үшін автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімділігін арттыру»


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев утильдік алым мөлшерлемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Утильдік алым бойынша біз шешім қабылдадық. Барлық қаражат мемлекетке түседі. Енді ставкалардың мөлшерін анықтау қажет. Жұмыс тобы бұл мәселені белсенді талқылауда. Бірден айта кету керек, утильдік алымды біз қайта қараймыз. Бірақ шектен шығудан аулақ болу керек. Автоөнеркәсіпті дамытуға жұмсалған ақшаны желге шашып, импорттық ескі көліктер ағынына өз нарығымызды ашуға болмайды», - деді Мемлекет басшысы.



Сондай-ақ, бұл саладағы реформа қайта өңдеу немесе тіркеу жарнасын өзгерту үшін ғана қолға алынбағанын еске салды.



«Ең бастысы – тұтынушылар үшін автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімділігін арттыру. Мен өндірушілер мен дистрибьюторлардың тиісті реакциясын күтемін. Үкіметтің алдын ала дайындаған баяндамасы оның дұрыс жолда екенін көрсетіп отыр»,- деді Президент.


Еске салсақ, бүгінгі отырыста ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов утильдік алымның мөлшерлемесі төмендетілетінін айтты.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37