Президент Тоқаев Жоғары Сот кеңесінің төрағасына бірқатар міндет жүктеді

Президент Тоқаев Жоғары Сот кеңесінің төрағасына бірқатар міндет жүктеді
Сурет: Akorda.kz

Алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады, деп хабарлайды Akshamy.kz Akorda.kz cайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары Сот кеңесінің биылғы жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды.

Сонымен қатар Президентке әкімшілік әділет соттарының кадрлармен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Денис Шиппке сот корпусын одан әрі жаңғыртуға және сот жүйесіне мейлінше сауатты әрі құзыретті мамандарды тартуға септігін тигізуі тиіс бірқатар міндет жүктеді.