Президент Токиода алтын алған Давид Дегтяревті жеңісімен құттықтады

Президент Токиода алтын алған Давид Дегтяревті жеңісімен құттықтады
almaty-akshamy.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде Токиода алтын жүлдеге ие болған Давид Дегтяревті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


«Давид Дегтяревті Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын. Бұл алтын медаль – керемет жетістік және табанды жаттығулар мен мұқалмас ерік-жігердің жемісі. Давидке жаңа табыс, ал Паралимпиададағы Қазақстанның барлық спортшыларына сәттілік тілеймін!» - деп жазды Мемлекет басшысы.