Президент Тоқаев наурызда Алматыға келеді

Президент Тоқаев наурызда Алматыға келеді
Сурет: Carnegiemoscow.org

Ол қала әкімі Ерболат Досаевқа бірқатар тапсырма берді.  

Биыл наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.   

«Алматы - ерекше қала, онда әлеуметтік мәселелерді шешуге баса назар аудару керек. Нағыз алматылық рухты оятып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау керек», - деді Президент.  

Қасым-Жомарт Тоқаев наурызда Алматыға жұмыс сапарымен келгенде, ондағы өзекті мәселелер талқыға салынатынын атап өтті. 

«Шешімін таппаған мәселелер бар. Онымен Бақытжан Сағынтаев айналысты. Бір мәселеде алға жылжу болса, екіншісінде түрлі себептерге байланысты үлгермеді, шешімін таппады. Қалай болса да бағыт дұрыс, дәл осы бағытта қозғалу керек. Алматы халқымен тығыз жұмыс істеу қажет деп ойлаймын. Тағы да қайталаймын, біз жұмыс сапарында даулы мәселелерді талқылауымыз шарт», - деді Мемлекет басшысы.