Президент Тоқаев COVID-19-ға қарсы күрес бойынша кеңес өткізеді

Президент Тоқаев COVID-19-ға қарсы күрес бойынша кеңес өткізеді
Сурет: Aikyn.kz

Үйлесімді іс-қимыл жоспары қабылданбақ.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жиынға Премьер-Министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысады.

Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдайды.

«Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимыл жоспары қабылданбақ», - деп хабарлады Презеиденттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.