Президент сайлауында 11 миллионнан астам адам дауыс береді

Президент сайлауында 11 миллионнан астам адам дауыс береді
Сурет: Gov.kz

Саяси науқанға дайындық пысықталды.

Кезектен тыс президент сайлауында 11 миллион 950 мың 485  адам дауыс береді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Комиссияның кезекті отырысында, өңірлердің саяси науқанға дайындығы пысықталды. Сондай-ақ, әр аймақтағы сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері талқыланды. Басқосуда нақтыланған деректерді негізге алып, сайлауға қатысушылар тізімі де шығарылды.