Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталады – ОСК

Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталады – ОСК
Сурет: Dknews.kz

11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады. 

ҚР Президенті сайлауына үміткерлерді ұсыну ертең басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Президентінің лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннің келесі күнінде басталады. Яғни 2022 жылғы 23 қыркүйекте басталып, 11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады», - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

ҚР азаматы болуы;

ҚР аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы;

Жоғары білімінің болуы;

Жасы 40-қа толған болуы;

Белсенді сайлау құқығының болуы;

Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.