Президент сайлауы жаңа сайлау циклын бастайды

Президент сайлауы жаңа сайлау циклын бастайды
Сурет: Gov.kz

Кезектен тыс президент сайлауының күні белгіленді.

Бүгін бұл Жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Қыркүйектің 16-сы күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституцияға президент сайлауы бойынша енгізілетін түзетулер мақұлданды. Енді Қазақстанда президент жеті жылға бір рет сайланады.

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кезектен тыс президенттік сайлауды 2022 жылдың күзінде өткізуді ұсынды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Парламент пен мәслихаттар сайлауын 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өткізуді ұсынды.

2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Одан кейін республика бойынша сайлаушылардың жалпы қатысуы 77,4 пайызды құрады.