Президент Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар туралы Жарлыққа қол қойды
Сурет: Ашық дереккөзі

Президент Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Республика күні ұлттық мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.