Президент Радио күнін бекітті

Президент Радио күнін бекітті
Сурет: Leally.ru

Осы уақытқа дейін 7 мамыр - радионың туған күні болғандықтан, мереке ретінде сол күн белгіленген еді.


Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында ел Президенті Радио қызметкерлері күнін белгілеп берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Аkorda.kz сайтына сілтеме жасап.


«Соңғы кезде радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екені жиі айтылып жүр. Мен Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен жөн деп санаймын», -деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.