Президент ОСК-ның жаңа мүшелерін тағайындады

Президент ОСК-ның жаңа мүшелерін тағайындады
Сурет: Еgemen.kz

Мемлекет басшысы ОСК мүшелерін бес жыл мерзімге тағайындайды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) екі мүшесін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл құжат Ақорданың ресми сайтында шықты.

Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Сәбила Сапарқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына;

Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.