Президент «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитке қатысады

Президент «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитке қатысады
Сурет: Egemen.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қаңтарда дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитке қатысады.

Онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  

Көшбасшылар түрлі салалар бойынша Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көпжақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылайды.

Іс-шара қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына байланысты Бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланған.