Президент Министрлер кабинетінің жұмысына теріс баға берді – сарапшы

Президент Министрлер кабинетінің жұмысына теріс баға берді – сарапшы
Сурет: Zakon.kz

Қазіргі геоэкономикалық жағдай әлемнің көптеген елдерінің экономикасына елеулі әсер етуде.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысына ҚР Президенті жанындағы ҚазСҒЗИ халықаралық және геоэкономикалық зерттеулер басқармасының басшысы Айдар Құрмашев түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz сілтеме жасап.

Үкіметтің отырыс еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асырудың нәтижелеріне арналды. Бұл кездейсоқ емес, - деп есептейді сарапшы.

Қазіргі геоэкономикалық жағдай әлемнің көптеген елдерінің экономикасына елеулі әсер етуде. Сыртқы экономикалық және сауда байланыстарының мәселелері тоқырау кезеңін бастан кешіруде. Осыған байланысты ішкі экономикалық белсенділікті жандандыру және өсудің негізгі нүктелерін дамытуды ынталандыру шаралары талап етіледі. Бұл, әсіресе, азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты болып отыр.

Бұл жайында айтқан саясаттанушы Қазақстанда қазірдің өзінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірқатар тетіктері бар болғанымен, олардың жұмысын іске асыруға қатысты сауалдар бар екеніне айтты. Мәселен, Президент тұрақтандыру қорларының жұмысына, сондай-ақ көтерме сауда орталықтары желісімен Ұлттық тауарды тарату жүйесін іске қосу жөніндегі тапсырманың қанағаттанарлықсыз орындалып жатқанына назар аударды.

Айдар Құрмашевтың айтуынша, Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жүйелі түрде жымқырылатынын және мұндай фактілерге жол берілмейтінін айтып, дұрыс екпін жасады.