Президент Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы мен орынбасарын тағайындады

Президент Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы мен орынбасарын тағайындады
Сурет: Yvision.kz

Бұдан бұрын осы қызметті атқарған Қалмұханбет Қасымовтың лауазымынан босатылғаны туралы хабарлағанбыз.

Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ермек Сағымбаевтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылуына байланысты Батырбек Бердібайұлы Байбосынов осы лауазымға тағайындалды.